Шығыс Қазақстанда биыл жер үйлерде 13 адам көміртегі тотығына уланған

12.03.2023, 14:41
685
Шығыс Қазақстанда биыл жер үйлерде 13 адам көміртегі тотығына уланған adyrna.kz

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жер үйлерде 13 адам көміртегі тотығына уланған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар талдау жүргізіп, халықтың көміртегі тотығымен улануының негізгі себептерін анықтады. Жыл басынан бері өңір бойынша жер үйлерде қауіпті газдың салдарынан 13 адам зардап шекті.

«Адам үшін газға улану өте қауіпті. Газ тыныс алу жолдары арқылы өкпеге жетіп, қан айналымы жүйесіне енеді. Онда гемоглобинмен байланысады, ол өз кезегінде оттегіден 200-300 есе ауыр. Салдарынан қан оттегін тасымалдау және оны ағзаға жеткізу қабілетін жоғалтады. Ең алдымен ми зардап шегеді, содан соң басқа органдарға да әсерін тигізеді», - делінген ақпаратта.

Жыл сайын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың үйлерінде улы газды анықтайтын датчиктер орнатылуда.

«Осы жылыту маусымының алдында үйлерге 2700-ге жуық датчик орнаттық. Соның барысында мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары 43 096 тұрғынға нұсқаулық берді. Сондай-ақ 30 рейд жүргізілді», - делінген хабарламада.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды