Меркіде мотоциклші жігітті жанармай бекетінде пышақтап кетті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
14.04.2025, 17:33
361
Меркіде мотоциклші жігітті жанармай бекетінде пышақтап кетті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Қаскөй Toyota көлігімен қашып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 сәуір күні Жамбыл облысында жанармай құю бекетінде ер адам мотоцикл жүргізушісін екі рет пышақтаған. Кейін ер адам Toyota көлігімен Меркі бағытына қашып кеткен. 

Видеокадрдан мотоцикл жүргізушісінің жанармай бекетіне қарай келе жатқан сәті түсірілген. Оның артынан ер адам еріп келген. Бір сәтте әлгі ер адам қалтасынан пышаққа ұқсас затты алып шығып, мотоцикл жүргізушісіне бірнеше рет сұғып алады. Видеодан екеуінің арасында бұған дейін бір түсініспеушілік болғаны байқалады. Дегенмен жәбірленуші мұндай шабуылды күтпегені анық көрініп тұр.

Мәліметтерге сенсек, ресейлік байкер Шымкентке мотоцикл маусымының ашылуына бара жатқан. Ер адам мотоцикл жүргізушісіне шабуыл жасап, көлікке отырып қашып кеткен.

Жәбірленуші алдымен Меркі аудандық ауруханасына жеткізіліп, кейін Алматыға ауыстырылған. Алайда жәбірленуші ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 32 жастағы ер адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

"2024 жылғы 13 сәуір күні сағат 16:10-да Меркі аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Диагноз: оң жақ кеуде тұсы мен бел тұсынан пышақталған жарақат. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді, жарасына тігіс салынды", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бірнеше уақыттан соң ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде суық қару қолданылған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Зардап шеккен шетелдік азаматқа полицейлер жедел түрде ауруханаға жетуге көмектесті. Оған медициналық көмек берілді. Ауруханаға жатудан бас тартты, өміріне қауіп жоқ. Күдікті қашпақ болған сәтінде ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу ісі менің жеке бақылауымда", – деді министр Ержан Сәденов.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті