Дональд Трамп Украинадағы соғысқа кінәлілердің бірі Зеленский екенін айтты

15.04.2025, 11:11
409
Дональд Трамп Украинадағы соғысқа кінәлілердің бірі Зеленский екенін айтты Reuters / Shannon Stapleton

Путин ғана кінәлі емес, Зеленский мен Байденнің кесірі дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыс әрекеттерінің басталуына үш негізгі тұлғаны кінәлі деп атады.

Олардың қатарында Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың экс-президенті Джо Байден және Украина басшысы Владимир Зеленский бар.

Сумы қаласына жасалған соққы туралы пікір білдірген Трамп бұл әрекетті "қателік" деп бағалап:

Негізгі қателік – соғыстың басталуына жол беру болды, – деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер өзі президент болғанда, бұл қақтығыс мүлде орын алмас еді. Трамп Байденнің соғысты болдырмауға мүмкіндігі болғанын айтып, мұнай бағасын төмендету арқылы жағдайды тұрақтандыруға болар еді деп есептейді.

Байден де, Зеленский де бұл соғысты тоқтата алар еді. Ал Путин оны бастамауы керек еді. Яғни бәрі де белгілі бір деңгейде кінәлі, – деді АҚШ-тың президенті.

Сондай-ақ, Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ-тан 15 миллиард долларға 10 Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін сатып алуға дайын екенін мәлімдегенін де атап өтті. Бұл жүйелерді сатып алу еуропалық серіктестердің қаржылық көмегімен жүзеге асырылмақ.

Сіз соғыс бастағанда, оны жеңуге мүмкіндігіңіз бар екенін білуіңіз керек. Сіз өзіңізден 20 есе күшті қарсыласпен соғысып, басқалар сізге зымыран береді деп үміттенбеуіңіз керек, – деді ол.

Truth Social әлеуметтік желісінде Трамп қазіргі Ресей мен Украина арасындағы жанжалды "Байденнің соғысы" деп атап, өзінің президенттік кезеңінде мұндай шиеленіс болмағанын алға тартты.

Мен келгенде, төрт жыл бойы мұндай мәселе туындаған жоқ. Қазір бұл қақтығысты дереу тоқтату керек. Бұл көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі, – деп түйіндеді ол.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды