Ұлытау облысында кеніш қызметкерін сабаған күдіктілердің кім екені анықталды

12.03.2023, 20:08
573
Ұлытау облысында кеніш қызметкерін сабаған күдіктілердің кім екені анықталды smartnews.kz

Ұлытау облысында жұмыс орнындағы адамды соққыға жығу дерегі бойынша 25 және 45 жастағы екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұған дейін хабарланғандай, наурыз айының басында әлеуметтік желіде екі ер адамның үшіншісін соққыға жыққан видеосы тараған. Видео астындағы пікірлерде соққыға жығылған кадр бөлімінің қызметкері екені айтылады. Ол кейбір адамдар жұмысқа келместен жалақы алып отырғандығына наразы екенін білдірген. Оған жауап ретінде екі ер адам оны соққыға жыққан.

Күдіктілердің "Қазақмыс корпорациясы" АҚ "Жомарт" кенішінің қызметкерлері екендігі анықталды.

"Олар жұмыс орнында болған кезде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, басқа әріптестеріне құрметсіздік танытып, басқа қызметкермен жанжал туғызды және оған дене жарақатын салды. Осылайша, күдікті адамдар аталған ұйымның қалыпты қызметін бұзды. Тергеу барысында жанжалдың куәгерлері анықталды", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Күдіктілерге қатысты облыс сотының шешімімен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды