Кәріз шұңқырына құлап, қаза тапқан 6 жасар баланың туыстары әкімдікті кінәлап отыр

Аиса Махамбет Редактор
15.04.2025, 17:52
698
Кәріз шұңқырына құлап, қаза тапқан 6 жасар баланың туыстары әкімдікті кінәлап отыр бейнежазбадан алынған кадр

Бүлдіршіннің әжесі немересін жер қойнына тапсырды…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 6 жасар бала көпқабатты тұрғын үй ауласындағы кәріз суына құлап, ажал құшты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Марқұм Айдын Сәуірбайдың жақындары бәріне әкімдікті кіналайды. Өйткені ойын баласы бір жыл бұрын жауаптылар жөндейміз деп қазып кеткен жерге құлаған. Содан бері не жөнделмеген, не қоршалмаған шұңқырға үйлерден шыққан лас су жиналып, соңында ажал апанына айналды. 

Марқұм бүлдіршіннің әжесі Ұлтуар Бегалиева апта бұрын асыр салып жүрген немересін күні кеше жер қойнына тапсырып, бүгін өлімін растайтын құжатын қолына алды. Тұран-2 шағынауданындағы көше былтыр қазылып, содан бері қараусыз қалған. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерге бір емес бірнеше бала батып кете жаздап, аман қалыпты. 

"Балалардың барлығы қызық көріп келеді. 8 жасар бала ойнап жүріп түсіп кеткен. Суға түсіп, құдай сақтағанда судан аман шықты. Балалар ата-анасы қанша ұрысқанымен, айналып келіп қызық көріп жүреді. КНС үнемі обратка береді. Қанша рет айтылды. Осы мәселе шешіп берсе, осы жағдай болмаса екен деп тілеп, өтініш хаттар жазылды, қоңыраулар шалынды. Ешқандай нәтиже жоқ”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Айдана.

Әдетте ағасы мен қарындасынан ажырамайтын Айдын дәл сол күні бір өзі ойнап кеткен дейді анасы. Үйін жинап болған бірден балаларын шақырған. Бірақ ортаншы перзенті сол күйі оралмады. 

"Өз басым ылаң уақытында екі-үш рет барып қайттым. Бір рет Жарқынайды жетектеп сол жақты қарап қайттым. Ештеңе жоқ болған. Екінші рет те, үшінші рет те түнге жақын барып көрдім. Ол кезде де шықпады. Түннің бір уағында мені ол жерден ертіп алып кетті. Сол кезде табылған екен. Демде судың бетіне қалқып шыққан. Осы жер бір адам өлмей жабылмайтын болды деп өзіміз де ойлап едік. Менің балам болатынын қайдан білейін. Балам-ай”, – дейді марқұмның анасы Маржан Асқар.

Арада екі күн өткенде аудан әкімдігі мен басқарма өкілдері қара жамылған отбасына көңіл айтып келген. Жалғызбасты ананың бар талабы – ажал апанын қоршап, көзін құрту. Бір жылдан бері тұрғындар арызын елемей келген шенеуніктер бала өлімінен кейін бір-ақ іске кірісті.

"Техникамыз келе жатыр. Мына жердегі бүкіл суды тартып алады. Одан кейін трубаны тексереді. Жағдайы қандай, тесіліп тұр ма, жоқ па, соны көреді. Тесіліп тұрса бәрінің жұмысын жамап үстін көміп тастаймыз”, – деді энергетика басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы Асқар Әшіров.

Әкімдік өкілдері жұмысты бір апта ішінде аяқтауға уәде берді. Ал әу баста бұл жолды жасауы керек болған мердігер компаниялардың үстінен қазір іс қозғалып, сот алдында жауапқа тартылып жатыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды