Келінін балағаттаған мас қайын атаға заң арақ ішуге тыйым салды

16.04.2025, 10:50
541
Келінін балағаттаған мас қайын атаға заң арақ ішуге тыйым салды SMARTNEWS.KZ иллюстрациясы / DALL-E нейрожелісі өңдеген

Қызылордалық келіншек соттан туысына шара қолдануды сұраған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облыстық соты келініне балағат сөздер айтқаны үшін қазақстандыққа бірнеше күндік қамау жазасы беріліп, 3 айға алкоголь ішуге тыйым салынды. 

Соттың желідегі ресми парақшасында хабарланғандай, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексі 73-бабының 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Арал аудандық сотында қаралған.

"Ер адам масаң күйде келініне балағат сөздер айтып, оған құрметсіздік көрсетіп, тыныштығын бұзған", – деп анықтады сот.

Жәбірленуші соттан туысына қатысты шара қолдануды сұрады. Себебі келінінің айтуынша, мұндай жағдайлар үнемі қайталанып тұрады.

Ер адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны іс материалдарымен дәлелденді. Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар сот ер адамның мінез-құлқына арнайы талаптар белгіледі. Оған 3 ай мерзімге алкогольді ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуға толық тыйым салынды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды