Балалардың балабақша шатырына шығып ойнағаны, жұртты шошытты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
16.04.2025, 11:33
547
Балалардың балабақша шатырына шығып ойнағаны, жұртты шошытты (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Алматы облысындағы жекеменшік балабақшада балалар қараусыз жүрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде екі баланың терезедегі тордан өтіп, жекеменшік балабақшаның шатырына шығып алған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Тәрбиешілердің қарауынсыз қалған балалар терезеден шығып, шатырда ары-бері жүргенін куәгерлер көріп, видеоға түсіріп алған. Болған жағдайға қатысты полиция түсініктеме берді.

“Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзғаны үшін мектепке дейінгі мекеме меңгерушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін терезелерге қорғаныс торлары мен арнайы бұғаттағыштар орнатылды. Қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етпеген қызметкер атқарып отырған қызметінен босатылды”, – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаменті. 

Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді