Қарағандылық мүгедектігі бар жанды өз туысқаны көшеде қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Аиса Махамбет Редактор
17.04.2025, 09:49
509
Қарағандылық мүгедектігі бар жанды өз туысқаны көшеде қайыр сұрауға мәжбүрлеген жеке мұрағатынан

Ол аздай оның кішкентай қызы мен әйелінде қорлап келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда мүгедектігі бар азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Жантүршігерлік оқиға есірткінің заңсыз айналымына қатысты сот процесінде ашылды. Бұл туралы Информбюро арнасы жеткізді. 

Қала тұрғындары бірнеше жыл бойы көшеде қайыр сұрап жүрген қол-аяғы жоқ адамды байқаған. Оған жиналған барлық қаражатты белгілі бір "қожайын" ​​алып отырған. Оны күнде көлікпен жұмысқа әкеліп, кешкісін үйіне жеткізіп отыр. Мүгедектігі бар азамат кенет жоғалып кеткенде, оны өлтіріп кетті деген қауесет тараған. Оның тірі екені сот отырысында белгілі болды. Қайыр сұраған адамның күнделікті табысын бір жыл бұрын есірткі саудасымен сотталған азамат алып отырған. Қазір оның сыбайластары сот алдында жауап беріп жатыр. 

“– Сізге екі бап бойынша айып тағылды. Бірі ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу. Мойындайсыз ба, жоқ па? 
– Жоқ.
– Ал келесі бап – Қылмыстық кодекстің 128 бабы, 4-бөлігі. Сіз өз әрекетіңізді мойындайсыз ба? 
– Жоқ”, – деді сот отырысында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы Галина Жилина. 

Бұл істе төрт айыпталушы бар. Олар бір-бірімен туыс. Сот барысында түрлерін түсіруге тыйым салды. Олар мүгедектігі бар азаматтың тапқан ақшасын қорқытып-үркітіп тартып алған. Күнделікті табысы 30-100 мың теңге аралығында болыпты. Қазір жазасын өтеп жатқан туысы оны қайыр сұрауға мәжбүрлеген. 

Сотталушылар арбаға таңылған адамның кішкентай қызы мен әйелін ертіп жүріп, аз қамтылған отбасыларға осылай көмектесіп жатқандарын айтқан. 

Сот отырысында прокурор Ботакөз Нұрбекова сотталушылардан жауап алды. 

“– Баланың жасы нешеде екенін білесіз бе? Ол 4 жыл бойы қайда, кіммен бірге тұрды?
 – Ол Анна Бесковамен бірге тұрды. 
– Ол не үшін Анна Бесковамен бірге тұрды? 
– Олар өз бетімен қарай алмады.
– Сіз мұны қайдан білесіз?
– Өздері айтты”, – деген диалог болды. 

Тергеушілердің айтуынша, бала мүгедектігі бар ер адам мен оның әйеліне қоқан-лоқы жасау құралы болған. Жауап алу жалғасып жатыр. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды