Жаңа мекенжайға мобильді қосымша арқылы тіркеуге тұруға болады

13.03.2023, 13:59
710
Жаңа мекенжайға мобильді қосымша арқылы тіркеуге тұруға болады smartnews.kz

Мобильді қосымша арқылы тұрғылықты жер мен уақытша мекенжай бойынша тіркеу рәсімдеуге болады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Kaspi.kz ІІМ көші-қон қызметі комитетімен, Цифрлық даму, Әділет министрліктерімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Енді өз смартфоныңыздың экранында және осы банктің қосымшасында тұрғылықты жеріңіз бен мекенжай бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдей аласыз. Бұл қызмет өзіңізді, балаларыңызды, пәтеріңіздегі басқа адамдарды тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға мүмкіндік береді», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн-брифингісінде.

Оның айтуынша, тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті, ал аты-жөні мен мекенжайы автоматты түрде анықталады.

«Бұл қызметті пайдалану қауіпсіз. Тіркелу кезінде фотоверификациядан өту керек, ол сіздің атыңыздан қызметті ешкім пайдалана алмайтынына кепілдік береді. Азаматтарға смартфонда көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және есептен шығару сияқты сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер қолжетімді», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады