Қазақстанның ірі қалаларында жаңбыр жауып, күн жылынады
Бүгінгі күн райы қандай болмақ?
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана, Алматы мен Шымкенте 22 сәуір күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті.
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 19 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,0 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін жетіп, түнде 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,7 м/с болады.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады. Күндіз термометр бағаны 24 градусқа дейін жетіп, түнде 9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с деңгейінде болмақ.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші