Оралда мектеп оқушысы онлайн ойындар арқылы діни сектаға кіріп кеткен

22.04.2025, 12:10
624
Оралда мектеп оқушысы онлайн ойындар арқылы діни сектаға кіріп кеткен Getty Images

Колледж намаз оқытпайды деп сабаққа бармай қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы мектеп оқушысы онлайн ойындар арқылы радикалды діни бағытқа тартылған. Бұл туралы дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Дастан Өмірұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, жасөспіріммен діни бағыттағы әңгімелер ойын алаңдарында басталған. Кейін колледжге түскен соң, ол оқу орнын мүлдем бармай қойған.

"Одан не себепті сабаққа келмей жүргенін сұрағанда, 'маған колледжде намаз оқуға тыйым салды' деп жауап берді. Қазір онымен жұмыс жүргізілуде, арнайы реабилитациядан өтіп жатыр", – деді теолог.

Бұл мәселе Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының бастамасымен өткен «Отандық дінтанудың жаңа белестері және радикалды идеологиямен күресте дінтану ғылымының рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде көтерілді. Шараға еліміздің ірі жоғары оқу орындарының ғалымдары, дінтанушылар, теологтар мен студенттер қатысты.

Дастан Өмірұлының айтуынша, Батыс аймақтарда салафизм мен ваххабизм тәрізді радикалды ағымдарға бейімділік жоғары. Бұған аймақтағы вахталық әдіспен жұмыс істейтін мұнай компаниялары әсер етеді.

"Бұл өңірге әр аймақтан адамдар келіп жұмыс істейді, сондай-ақ менталитет те әсер етеді. Мәселен, «Жусан» операциясы аясында тек БҚО-ға 80 адам оралды. Олармен әлі күнге дейін психологтар жұмыс істеп жатыр", – деді ол.

Спикер елімізде 2011, 2016 жылдары және 2022 жылғы қаңтар оқиғаларында діни фактордың рөлі болғанын да атап өтті. Оның пікірінше, жастарды дұрыс бағытқа салу – маңызды міндет.

"Мәселен, кей қыздар беттерін жауып, қара киім киеді. Бұл – біздің дәстүрімізге жат. Президент те бұл біздің ұлттық болмысымызға тән емес екенін айтқан еді. Шариғат бойынша да бет жабу – міндет емес. Бастысы – ұятты жерлерді жабу, бұл – жеткілікті", – дейді ол.

Дастан Өмірұлы адамдарды діни мәселелерге қатысты күмән туындаған жағдайда ресми діни өкілдерге жүгінуге шақырды.

"Егер сұрақтарыңыз болса, мешіттегі имамдарға, шіркеудегі дін қызметкерлеріне немесе Дін істері басқармасына, Назарбаев даңғылы, 215 мекенжайы бойынша барып, кеңес алуға болады", – деді ол.

БҚО Дін істері басқармасының бас маманы Айнұр Мендиғазиева да қазіргі қоғамда радикалды идеология белгілері кездесіп жүргенін, әсіресе жастар арасында сыртқы келбет арқылы байқалатынын атап өтті. Мамандар радикалдануға негізінен діни сауатсыздық, эмоция мен әділеттілікке деген сезім себеп болатынын айтып, бұл мәселеде қоғамның, білім беру орындарының, ата-ананың белсенді рөлі қажет екенін жеткізді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді