«Ауырдым дегенін естіген жоқпыз»: Еліміздің 115 жастағы ең қарт тұрғыны қара жұмысқа әлі тың екенін айтты (видео)

22.04.2025, 14:55
583
«Ауырдым дегенін естіген жоқпыз»: Еліміздің 115 жастағы ең қарт тұрғыны қара жұмысқа әлі тың екенін айтты (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Ол малды өзі бағып, өзі сауатынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандағы ең қарт адам Ұлытау облысының Қызылжар ауылында тұрады. 115 жастағы Түймегүл Темірбаева ашаршылық пен қуғын-сүргіннің ауыр зардабын көріп, осы күнге жеткен санаулы жандардың бірі. Бұл туралы 24KZ жаңалықтар қызметі жеткізді.

Түймегүл әже – бірнеше ұрпаққа өнеге болған қайсар жан. Анасынан небары 3 жасында жетім қалған ол ес білгеннен еңбектің жолында келеді.

Жары Аязбай Темірбаев екеуі Сарысу мен Сөрті өзендері бойында жарты ғасыр жылқы баққан.

Қара жұмыстан қажымаған қайсар жанның қимылы әлі де ширақ. Ғасырдан асқан кейуана қартайдым деп үйде қарап отырған жоқ. Жасына қарамай, үй шаруасына белсене араласып, көрпе тігіп, құрт жаюдан қол үзбейді.

"Мал деген оңай емес екен. Жаяу іздеп жүрем. Бие де сауам, бие де байлаймын. Қойды да суарамын, сиырды да суарамын. Бәрін істеп жүріп, қазір шаршап отырмын", - дейді Қазақстандағы ең қарт адам Түймегүл Темірбаева.

115 жастағы әжейдің ұлы ұзақ өмір сүрудің сырын адал еңбек және жақсы ниетпен байланыстырады.

"Көп жасаудың өзі сол жүріп-тұрғандығы ғой. Отырмайды. Ауырса өзін-өзі емдеп алады. Біз ауырдым дегенін естіген жоқпыз. Ауырғанда тұмау болса, дәрі ішіп, жүріп кетеді. Отырмайды, қазір де отырмайды. Сыртқа шығып жан жақтың бәрін байқап жүреді", - дейді әжейдің ұлы Сөртібай Темірбай.

Түймегүл әженің елдегі ең қарт тұрғын екенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де растаған. Ол қазір бауырынан өрген 4 баладан 15 немере, 25 шөбере сүйіп отыр. Жары Аязбай ақсақал да ғасырға жуық жасап, 95 жасында дүниеден өткен.

Айта кетейік, биыл Көрісу күнінде Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 110 жастағы тыл еңбеккері Жәкібай Бисенғалиеваның үйіне барып, қарт кісімен жүздескен еді.

«Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды