Ішкі қауіпсіздік министрін мейрамханада тонап кетті

22.04.2025, 15:35
738
Ішкі қауіпсіздік министрін мейрамханада тонап кетті Getty Images / Kevin Dietsch

Сөмкесінде шамамен 1,3 миллион теңге ақша болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі мейрамханада тоналды.

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Вашингтон қаласындағы мейрамханада кешкі ас ішіп отырған сәтте ұры шабуылына ұшырады.

CNN арнасы құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сүйене отырып хабарлағандай, министрдің сөмкесін ұрлап кеткен. Онда маңызды құжаттар мен ірі көлемдегі қолма-қол ақша болған.

Ұрланған сөмкенің ішінде жүргізуші куәлігі, дәрі-дәрмектер, пәтер кілттері, паспорт, қызметтік рұқсаттама, косметика, бос чек кітапшасы және шамамен 3 мың АҚШ доллары (1 350 000 теңге) болған. Оқиға демалыс күні қаланың орталығында орналасқан мейрамханалардың бірінде орын алған.

Министрдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген Құпия қызмет агенттері оқиға орнындағы бейнебақылау камераларын қарап шыққан. Нәтижесінде, ұрының медициналық бетперде киген белгісіз ақ нәсілді ер адам екені анықталған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді