«Есесіне шетелдікке күйеуге шықпады»: Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат боп қалған әпкесін мақтады

Аиса Махамбет Редактор
22.04.2025, 18:15
2198
«Есесіне шетелдікке күйеуге шықпады»: Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат боп қалған әпкесін мақтады әлеуметтік желіден

Шетелдіктен емес, бастысы қазақтан бала тапты деп қуанды ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал белсенді, блогер рэп орындаушы Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат болған әпкесін мақтаймын деп сынның астында қалды.

Желі жұлдызы қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуына қатысты Qazaq Airan арнасына пікірі білдірген. 

«Менің әпкеме шетелдіктер тұрмыс құруға ұсыныс жасаған. Ол шетелдікке күйеуге тимеді. Бірақ отбасы бар қазақ жігіттен екіқабат болып, қазақ қыз туды. Ол қыз қазақ болып қалады. Көрдіңіз ғой, қандай намыс, біздің қазақтың қанын былғағысы келмеді. Әйтпесе шетелдікке шығып, мүмкін бақытты болып кетер ме еді. Шетелдіктерге намысы жоқ қыздар тиіп жатыр деп ойлаймын. Бастысы қазақ қой. Өйткені шетелге тиген қыздың баласы ешқашан қазақ болмайды», – деді рэпер.

Желі қолданушылары блогердің пікірін сынға алды. 

«Қашаннан бері отбасылы еркектен бала туу абырой болған», «Отбасылы еркектен бала тапқаны үшін мақтану қашан «ел намысы» деген ұғымның категориясына кіріп кеткен, соны айтыңдаршы?», «Әпкесін ыңғайсыз жағдайға қалдырды», «Оның сөзі бар қазаққа үлгі не мысал емес қой», – деп жазды көпшілік. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды