Ер адам түсінде опасыздық жасаған әйелін пышақтап тастады

23.04.2025, 10:10
1429
Ер адам түсінде опасыздық жасаған әйелін пышақтап тастады sm.news

Қателігін түсініп жедел жәрдем шақырғанмен, әйелі қайтыс болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Ферғана облысында әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот отырысы аяқталды.

Қайғылы оқиға Маргилан қаласында болған. Аса ауыр қылмысқа ер адамның көрген қорқынышты түсі себеп болған. Ол түсінде әйелінің көзіне шөп салғанын көрген. Ашуланып оянған ер адам жастықтың астында жатқан пышақты алып, ұйықтап жатқан әйеліне 13 рет сұққан.

Кейіннен түсінде көргені шындық еместігін түсінген күйеуі шошып, жедел жәрдем шақырған. Алайда әйелдің алған жарақаттары ауыр болып, ол қайтыс болған.

Тергеу барысында айыпталушының бұған дейін де әйелі туралы негізсіз күдіктерге бой алдырғаны, бұл отбасылық жанжалдарға жиі себеп болғаны анықталды. Марқұм мен сотталған азаматтың артында үш кәмелетке толмаған баласы қалған.

Маргилан қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот ер адамды Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97-бабы (Қасақана кісі өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды