Жириновскийдің шетелдік төлқұжаты аукционға қойылды

23.04.2025, 12:11
814
Жириновскийдің шетелдік төлқұжаты аукционға қойылды Северный аукционный дом

Аукционда лоттың бастапқы бағасы 650 мың теңге деп белгіленді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің либерал-демократиялық партиясының (РЛДП) негізін қалаушы Владимир Жириновскийге тиесілі 1992–1997 жылдар аралығында жарамды болған шетелдік төлқұжат Санкт-Петербургтегі «Солтүстік аукцион үйі» арқылы саудаға шығарылды. Бұл тарихи жәдігерге шекаралық қызметтің мөрлері, Жириновскийдің жеке визалары мен қолтаңбасы енгізілген.

Аукционда лоттың бастапқы бағасы 100 мың рубль деп белгіленді. Бұл лот коллекционерлер мен тарихшылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Белгілі саяси тұлғаларға тиесілі жеке заттардың аукциондарға шығарылуы тарихи мұра мен саяси мәдениетке қызығатын жандар арасында бұрыннан танымал үрдіске айналған.

Сонымен қатар, РЛДП партиясы өз брендін одан әрі дамытуда. 2025 жылдың наурызында партия «Жириновский» және «Жириновский навсегда» деген тауарлық белгілерді тіркеуге өтініш берді. Бұл брендтерді алкоголь және темекі өнімдері, киім-кешек, аяқ киім мен сувенирлер өндірісі саласында, сондай-ақ бөлшек сауда, жарнама мен электронды коммерцияда қолдану жоспарланып отыр.

Бұған қоса, 2025 жылғы сәуірде Ресей Үкіметі Владимир Жириновский атындағы стипендияны бекітті. Ол шығыстану мен мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерді қолдауға арналған. Қаулыға Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин қол қойды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды