Ақтауда 35 жастағы ер адам әскерге шақырту алған

23.04.2025, 12:47
800
Ақтауда 35 жастағы ер адам әскерге шақырту алған Zakon.kz

10 жыл бұрын борышын өтеген азамат тағы да әскери шақырту алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтау қаласының 35 жастағы тұрғыны, бұдан он жыл бұрын әскери борышын өтеп, кіші сержант атағына дейін көтерілген азамат, қайтадан әскери шақырту алып, таңырқап қалды. Бұл жағдай оны бір мезетте әрі алаңдатып, әрі таңғалдырды.

Олег (кейіпкердің есімі өзгертілген – ред.) 2015 жылы Алматы облысындағы шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеген. Ол қызметін үздік аяқтап, кіші сержант шенін алған. Арада он жыл өткен соң, оған қалалық қорғаныс істері басқармасына әскери жиындарға қатысу үшін шақырту келіп түскен. Ер адам бұл жайтқа таңырқап: «Мені 35 жасымда қайтадан әскерге шақырып жатыр ма?» деген сауал қойған.

Қорғаныс істері басқармасының түсіндіруінше, ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 33-бабына сәйкес, әскери міндеттілер оқу-жаттығу, тексеру және арнайы жиындарға шақырылуы мүмкін. Егер азамат мұндай жиындарға қатысудан бас тартса, 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетерлігі, әскери жиындар кезінде азаматтың жұмыс орны мен лауазымы сақталады. Ол орташа айлық жалақысын алады. Ал жұмыссыз азаматтарға мемлекеттің есебінен ең төменгі жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді.

Белгілі болғандай, жиындар 11 күнге созылады және облыстық спорттық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледж аумағында (демалыс базасы «Золотое солнышко» маңында) өтеді. Оған 200 адам қатысады. Барлық қатысушыларға форма және тамақпен қамтамасыз ету қарастырылған.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады