БҚО мектептерінде зейнет жасындағы мұғалімдерді өтемақысыз жұмыстан шығарған
Іске прокуратура араласты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаратөбе ауданындағы үш мектепте 2024 жылы зейнет жасына жеткен бес мұғалім жұмыстан шығарылған. Алайда оларға заңмен қарастырылған өтемақы төленбеген. Бұл туралы БҚО прокуратурасы мәлімдеді.
Аудандық прокуратураның араласуынан кейін мұғалімдерге жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам өтемақы төленді. Мектеп директорларына тәртіптік жаза қолданылған.
Ведомство өкілдері Еңбек кодексіне сәйкес, зейнет жасына жеткен қызметкерді жұмыстан шығару үшін кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерту жасалуы керектігін еске салды. Сондай-ақ еңбек шарты, ұжымдық келісім немесе жұмыс берушінің ішкі құжаттарында көзделген өтемақы міндетті түрде төленуі тиіс.
Материал авторы