Абай Бегейдің қызы тағы заңсыз ұтыс ұйымдастырып, жұрттың наразылығына ұшырады

Аиса Махамбет Редактор
23.04.2025, 13:51
936
Абай Бегейдің қызы тағы заңсыз ұтыс ұйымдастырып, жұрттың наразылығына ұшырады бейнежазбадан алынған кадр

Әншінің блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлова тағы дау астында қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Абай Бегейдің қызы заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастыруын доғармай жүр. Гүлеркем Ниязқұлова былтыр ғана лотереямен айналысқаны үшін салықшыларға бір миллионнан аса айыппұл төлеген. Бұл туралы КТК телеарнасының жаңалықтар қызметі жеткізді.

Бірақ ол сабақ болмапты. Күні кеше әлеуметтік желіде тағы бір ұтыс ойынының жеңімпазын анықтап, жүлдегерге 15 миллион теңгені табыстады.

15 миллион теңге тараздық көпбалалы анаға бұйырған. Қуанышын жасыра алмаған әйел «ойын шынайы болды, бәрің ойнаңдар» деп, басқаларды да үгіттеп әлек. Ал құзырлы органның ескертуін елемей келген әншінің қызы кейін видеоны желіден өшіріп үлгерген. Десе де Гүлеркем Ниязқұлованың желіде негізгі парақшасынан бөлек, тек ұтыс ойындарына арналған тағы бір парақшасы бар. Оған қатысу үшін 100 теңгеден 1000 теңгеге дейін билет алу керек.

Желіде ұтыс ойынын ұйымдастырғандар қатарында блогер Сабина Мовлаева да бар. Жақында ғана жеке кәсібін ашқан олар тауарын сатып алған жанды 30 миллион тұратын үйдің ұтысына қатысады деп жазыпты. Бұл блогер де салықшылардың жіті назарында. Құзырлы органдар былтыр осылай мыңдаған адамды заңсыз лотереяға тартқан 101 адамды жауапқа тартқан. Бірақ оңай олжаға кенелгісі келетін әнші, әртіс, блогерлерге бұл тосқауыл болмайтын сияқты. Өйткені жыл басынан бері тағы осындай 23 адам жауапқа тартылды. 

Осындай ойындар өткізіліп жатқаны жөнінде нақты мәлімет ұсынылған жағдайда біз тиісті түрде ден қоямыз, шара қабылдаймыз, тиісті түрде әкімшілік жауапқа тартамыз. ҚР ҚК 445-бабының 7-бөлігімен жауапкершілікке тартамыз. Бұл бапта тәркілеу мәселесі қаралған. Жеке тұлға болған жағдайда 200 АЕК қарастырылған. Ал шағын кәсіпкерлік субъектісі болса, 750 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, - дейді Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитетінің бас сарапшысы Асылбек Мұстафаев.

Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім» АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын пышақтап тастаған (ВИДЕО) Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады» Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың өзі шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты