1703

Оққа ұшқан Руслан Берденовке қолдау білдіремін деп Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды

Миллионерлер маған еш нәрсесін бөліп бермейтінін білемін дейді ол.

Оққа ұшқан Руслан Берденовке қолдау білдіремін деп Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Сәкен Майғазиев оқ тиіп жарақаттанған әкімнің орынбасарына қолдау білдіремін деп халықтан сөз естіді. 

Өнер иесіне оқырмандары “әкім болғасын жақтап жатсың” деп шүйліккен.

«Кімнің қандай лауазымда болғаны мен үшін маңызды емес. Оны бірінші Алла біледі және мені жақын танып, жақсы білетіндер растайды. Мен ұлтын, мемлекетін, ата-анасын, отбасын сүйген жанды биік бағалаймын. Бай-бағланың да, триллионер, миллионер де маған еш нәрсесін бөліп бермейтінін білемін. Дәмеленбеймін де. Мен адам алаламайтын жанмын», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін ол Берденовті қолдап жазба қалдырған еді.

«Саясат сахнасында, мәжіліс мінберінде маңызды мәселелерді көтеріп, халық үшін қам жеген асыл азаматқа қастандық қылғаны елдігімізге сын болды. Сіз бен біздің ұрпағымыз лудоманиямен уланбасын деп, тіпті Русланға қару кезегендердің ұрпақтары үшін уайымдаған адамға оқ атылуы жанға батады. «Елдің қамын ойлайтын бір ұл туса, оны қабатын екі ит қоса туады» дегенді қазақ қалай дөп басып айтқан?! Ел үшін туған ер Руслан Арысбекұлына Алла тағала жеңілдік берсін. Ел игілігі үшін, әулетінің бағына аман болсын», – деп жазды әнші. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор