«Әкесі 11 жастағы ұлын атып, оны ешкімге айтпауын сұраған»: Мектеп дәрігерлері баланың бойындағы сұмдықтан шошыды

Аиса Махамбет Редактор
23.04.2025, 18:16
3200
«Әкесі 11 жастағы ұлын атып, оны ешкімге айтпауын сұраған»: Мектеп дәрігерлері баланың бойындағы сұмдықтан шошыды kp.ru / Светлана МАКОВЕЕВА

Баланың кеудесіндегі әкесі атқан оқпен өмір сүріп келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Тергеу комитетінің басшысы Иркутскідегі баланың азапталуына қатысты істі бақылауға алды.

Сәуір айының ортасында Иркутск облысының 11 жастағы Паша (бала есімі өзгертілген – ред.) есімді оқушысы жоспарлы профилактикалық тексеруден өтуі тиіс болатын. Балада ешқандай денсаулық ауытқулары байқалмағанымен, рентген нәтижелері дәрігерлерді шошытты. Мектеп оқушысының кеуде қуысында пневматикалық тапаншадан атылған оқ тұрып қалған. Кейін белгілі болғандай, бұл металл шарик баланың ағзасында үш айдан бері жүрген. Ең сорақысы — бұл оқты оның туған әкесі атқаны белгілі болды. 37 жастағы ер адам кінәсін мойындап, қазір тергеу изоляторына қамалды.

Отбасы туралы не белгілі

Қайғылы оқиға орын алған отбасы туралы ақпарат аз. Ерлі-зайыптылардың екі баласы бар, кенжесі — алты жаста. «КП-Иркутск» басылымы отбасымен таныс адаммен сөйлесіп, кейбір деректерді анықтаған.

— Балалардың әкесі денсаулығына байланысты жұмыс істемейді. Кейде ішімдік ішетіні бар. Ал әйелі жайлы жаман ештеңе айта алмаймын. Әрқашан жинақы, таза жүреді. Балалар да тәп-тәуір киінген, жыртық-шұрық киім кимейді, — дейді сұхбат беруші.

Басылымның дерегінше, әкесі балаларға жиі айқайлап, әйелімен ұрысып отырған. 2025 жылдың қаңтарында жағдай шегіне жеткен. Алдын ала болжам бойынша, сол күні Паша мен ішімдік ішкен әкесі арасында тағы да жанжал туындаған. Оқиғаның нақты себебін облыстық тергеу комитеті анықтап жатыр. Әзірге ресми ақпаратқа сәйкес, ер адам пневматикалық қарумен баласына әдейі оқ атқан. Оқ баланың кеудесін тесіп өтіп, ішінде тұрып қалған. Әкесі баладан бұл туралы ешкімге айтпауын өтінген. Паша жарақаттанғанына қарамастан, бұл жайтты ешкімге сездірмей жүре берген. Алдын ала дерекке қарағанда, оқ оған айтарлықтай жайсыздық тудырмаған. Дегенмен бұл жағдай көп сауал туындатады: бала ағзасында оқпен үш ай қалай жүрген? Неліктен анасы осы уақыт бойы жарақатты байқамаған?

Қашпақ болған, бірақ ұсталынды

Айта кетейік, бұған дейін сотталмаған әке өзіне қауіп төнгенін түсініп, жасырынуға тырысқан. «КП-Иркутск» тілшілері отбасымен бір бау-бақша серіктестігінде тұратын төрағамен сөйлескен.

— Шамамен бес күн бұрын біздің серіктестікке тергеушілер келіп, отбасын және баланың әкесі қайда болуы мүмкін екенін сұрады, — дейді Анатолий Керезора.

Алайда қашып құтылу мүмкін болмады. Ер адам Иркутск ауданы аумағында қолға түсіп, 18 сәуір күні қамауға алынды. Ол кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты «Кәмелетке толмаған баланы азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратураның келісімімен ол қамауға алынып, 2025 жылдың 16 маусымына дейін СИЗО-1 мекемесінде болады. Оған 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Ал Пашаның ағзасындағы металл шарик дәрігерлердің көмегімен алынып тасталды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды