1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі

13.03.2023, 19:11
468
1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі smartnews.kz

Биыл 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің шәкіртақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге. Техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31 422 теңге», - делінген құжатта.

Қаулы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде бұл бастаманың колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және техникалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталғаны жазылған.

«ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» 3.1 «Қолжетімді және сапалы білім» бағыты бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 87-тармағында «Студенттер стипендияларының мөлшерін 2 есеге ұлғайту» қарастырылған. Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендияны ұлғайту бойынша бюджет қаражатын республикалық бюджет комиссиясы қолдады. Жалпы стипендия мөлшерін ұлғайту ел жастары үшін техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын едәуір арттырады, колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартады және техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау сапасының артуына әсерін тигізеді», - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Айта кетейік, қазір жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын колледж студенттерінің шәкіртақысы - 21 787 теңге. Ал орта буын мамандарын даярлайтын білім беру ұйымдарында оқитындардың мемлекеттік стипендиясы 20 948 теңге көлемінде.

«Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады», - деп жазылған құжатта.

Қаулы жобасы 30 наурызға дейін ашық талқылауда болады.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды