723

Алматыда такси жүргізушісін ұрып тастаған ер адам ұсталды

19 жастағы жігіт таксисті темекі шекпеуді ескерткені үшін ұрған.

Алматыда такси жүргізушісін ұрып тастаған ер адам ұсталды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласының полициясы такси жүргізушісінің соққыға жығылуына байланысты жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізді.

Полиция мәліметінше, нәтижесінде қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда, - делінген мәліметте.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Материал авторы