«Түрмеде отырғаным артық еді»: Ресейдің атынан соғысқа қатысқан қазақ жігіті өз оқиғасын әңгімеледі

24.04.2025, 12:36
3121
«Түрмеде отырғаным артық еді»: Ресейдің атынан соғысқа қатысқан қазақ жігіті өз оқиғасын әңгімеледі бейнежазбадан алынған кадр

Жазда Ресейге демалуға барған жігіт соғыс алаңынан бір-ақ шыққан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Украинамен соғысында тұтқынға түскен қазақстандық азамат басынан өткен ауыр оқиғасын «Хочу жить» жобасында баяндады. Ол соғысқа қалай тап болғанын және өмірлік қателігі үшін өкінішін жеткізді.

Жас жігіттің айтуынша, ол жазда Ресейге демалуға барған. Алайда ішімдік ішіп, құқық бұзушылық жасап, полицейлерге ұсталып қалған.

«Мен Қазақстаннанмын. Ұлтым – қазақ. Байқоңырданмын. Жазда Ресейге демалуға барғанмын. Достарыммен ішімдік ішіп, жеткізушінің самокатын ұрлап, бұзақылық жасадық. Мас болғаным соншалық, ең көп ішкен өзім едім. Бұған дейін ішімдік ішіп көрмегенмін», – дейді ол.

Ұсталған соң ол түрмеге түспеу үшін келісімшартқа қол қойып, Ресей әскерінің қатарына алынған.

«Қатты қорқып кеттім. Бұған дейін құқық бұзушылық жасаған емеспін, полиция бөлімшесіне де бірінші рет түстім. Түрмеге отырмау үшін соғысқа баруға келісім беруге мәжбүр болдым. Сол кезде туыстарыма хабарласам, адвокат жалдаймын деп ойлаған едім... Бірақ соғыс алаңында күн сайын өмір мен өлімнің ортасында жүргенше, түрмеде отырғаным әлдеқайда жақсы еді», – деп өкінішін білдірді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды