Құны 50 млн теңге тұратын сәукеле Ресейдегі музейден табылды

24.04.2025, 15:35
1031
Құны 50 млн теңге тұратын сәукеле Ресейдегі музейден табылды instagram.com/aigulyelshibayeva01

Қазір ол Санкт-Петербург қаласында тұр екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі өнер иесі, қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттаушы Айгүл Елшібаева халқымыздың тарихи және мәдени құндылығы саналатын сәукелені көпшілікке паш етті. Бұл ерекше бас киім – қазақ келіншектерінің дәстүрлі сәукелесі, қазіргі таңда Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Кунсткамерада сақтаулы.

Айгүл Елшібаеваның айтуынша, сәукеленің құны 50 миллион теңгеге бағаланып отыр. Оның үстіне бұл жәдігер – тек материалдық емес, рухани құндылық ретінде де баға жетпес мұра. Сәукеле алтын, күміс, меруерт, асыл тастармен безендірілген және ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген.

Өнер иесі бұл жәдігерді алғаш көргендегі сезімін де жасырмады:

«Бұл сәукеленің бағасы 100 аттың құнымен тең. Қазіргі бағамен шамамен 50 миллион теңге тұрады. Қазақтың байлары дәулетін білдіру үшін қыздарын ұзатқанда арнайы зергерлерге соқтырып, алтын, асыл тастармен көмкеріп жасаған.

Бұл сәукелені сыйға тартқан Лайықжан Дербісәліұлы Беркімбаев. Ақтөбе уезінен шыққан Кердері Әбубәкірдің жырларындағы арнауы бар. «Жағалбайлы жиналса, Дербісәліні мақтайды» деп келетін өлең жолдарындағы Жағалбайлы руынан шықққан бай Дербісәлі байдың баласы Лайықжан тапсырған.

Ол кезде 100 қойы бар адам кедей саналған. Бай деп 1000 қойы мен жылқысы бар адамды айтқан. Санкт-Петербург қаласындағы Кунсткамерада осы сәукеле сақтаулы тұр», - деп жазды Айгүл Елшібаева.

Бұл жаңалық ел ішіндегі тарихи жәдігерлердің шетелдегі мұражайларда сақталып, кейде көпшілікке беймәлім болып қалатынын көрсетеді. Сонымен қатар бұл жағдай ұлттық мұраны қайтару, зерттеу және таныту мәселесінің маңыздылығын тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды