Астаналық келіншек Сириядағы содырларға қыздарын бермек болған

24.04.2025, 17:55
1211
Астаналық келіншек Сириядағы содырларға қыздарын бермек болған AFP / Delil Souleiman

Қыздарын күйеуге бермек болған әйелді әуежайда ұстап алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астаналық әйел Сирияға кетіп, қыздарын содырларға тұрмысқа бермек болғаны үшін сотталды.

Астана қаласының тұрғыны Сирияға кетіп, екі кәмелетке толмаған қызын террористік ұйым мүшелеріне тұрмысқа бермек болғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы елордалық прокуратура мәлімдеді.

Тергеу материалдарына сәйкес, әйел Telegram мессенджеріндегі жабық чаттарда діни экстремизмді насихаттап, қарулы қақтығыстарды қолдаған пікірлер жазған. Ол Түркия арқылы Сирияға шығуға әрекеттеніп жатқан сәтінде Алматы әуежайында ұсталған.

Прокурор сотта оның терроризмді насихаттағанын және террористік топқа қосылуға дайындалғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынды. Сот кінәсін толық дәлелдеп, оған жаза тағайындады — 7 жылға бас бостандығынан айыру.

Астана прокуратурасы азаматтарды терроризм мен экстремизм идеологиясынан сақ болуға және мұндай әрекеттердің 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті