«Далаға атып шықтық»: Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде дүкенде жүргенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
24.04.2025, 18:34
1181
«Далаға атып шықтық»: Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде дүкенде жүргенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Түркияда тұратын айтыскер-психолог жер сілкінісі кезіндегі сәтті жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұлдағы магнитудасы 6,2 балл болған жер сілкінісінің видеосын жариялады. 

Өнер иесі бүгінде Ыстамбұл қаласында тұрып жатыр. 

«Дүкенде жүр едік. Іші шайқалып кетті. Бәріміз далаға атып шықтық. Алла сақтасын! Ыстамбұлды бір жер сілкінісі болады деген. Осымен бәрі бітсе екен. Бәрі бала-шағамен далада, босып жүр. Қайбір жылы 50 мың адамның өмірін қиған жер сілкінісі болып еді. Қаншама халық қырылып қалды. Адамдар паника болып жатыр. Халық қатты қорқып қалған», – деді психолог-коуч.

Еске салайық, Түркиядағы жер сілкінісінен 236 адам зардап шеккенін жазған едік. 

Жер сілкінген кезде дүрбелеңнен көптеген адам биіктен секірген. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, барлығына медициналық көмек көрсетілді. Түркияның денсаулық сақтау министрлігі құрбандар туралы мәліметті әлі айтпады. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды