«Көп құтырған екі рет қамалады»: Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды

Аиса Махамбет Редактор
24.04.2025, 17:15
1162
«Көп құтырған екі рет қамалады»: Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды бейнежазбадан алынған кадр

Мерзімінен бұрын босаған блогер заң талабын ұстанбаған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған блогер Мұрат Әбділда қайта қамауға алынды.

Түркістан облыстық сотының мәліметінше, 2024 жылдың 24 сәуірінде Түркістан қалалық ауданаралық соты Сауран аудандық полиция басқармасының ұсынымын қанағаттандырып, блогер Мұрат Әбділданың шартты түрде босату шарттарын бұзғанын ескере отырып, оның жазасының өтелмеген 2 жыл 11 күнін қайта бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім шығарды.

Мұрат Әбділда 2022 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі – әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік алауыздықты қоздыру және азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасағаны үшін 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

2024 жылы ол Қылмыстық кодекстің 72-бабы негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, пробациялық бақылаумен жазасын өтеуге мүмкіндік алған. Алайда Түркістан облыстық Полиция департаментінің деректеріне сәйкес, Әбділда босап шыққаннан кейін бірнеше мәрте шарттарды бұзған.

Атап айтқанда, ол қоғамдық орынды ластағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелген. Сонымен қатар, 2025 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында ол бес рет тіркеуге келмей, төрт рет түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болмаған.

Сот отырысында Мұрат Әбділда кінәсін ішінара мойындап, соттан тағы бір мүмкіндік беруін сұрады. Алайда сот тәртіп бұзушылықтардың жиілігін және салмақтылығын ескере отырып, прокуратура мен полицияның ұсынысын қолдап, шартты түрде босатуды жойды. Қаулы бойынша ол сот залында бірден қамауға алынды.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды