«Камераның паролін ұмытып қалдым»: Балабақшаға баратын бүлдіршін саңырау боп қалды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
24.04.2025, 19:09
2775
«Камераның паролін ұмытып қалдым»: Балабақшаға баратын бүлдіршін саңырау боп қалды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Қызылордада балабақшаға баратын 4 жасар қыздың құлақ пердесі қатты соққыдан тесіліп кеткен. Ата-анаға балабақша басшысы бейнежазбаны көрсетпей қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы мемлекеттік балабақшаға барып жүрген төрт жасар Айзия Серікқожаның бір құлағы естімей қалған. Анасы Аруна Ахметованың айтуынша, бүлдіршін тәрбиешінің соққысынан жарақат алған. Құлақ пердесі жарылып, сол күннен бері Айзияның жағдайы нашарлаған. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы жеткізді.

Оқиға екі ай бұрын №2 «Ұлан» бөбекжайында болған. Балақай кешке құлағы ауырып келген. Түні бойы мазасызданып шыққан қызды анасы келесі күні дәрігерге апарған. Медициналық тексерістен соң, дәрігерлер құлақ пердесінің қатты соққыдан жарылғанын анықтаған. Содан бері Айзияның бір құлағы толық естімей тұр. Анасының сөзінше, бұл жағдай баланың жүйкесіне де кері әсер етіп жатыр.

Алайда бөбекжай қызметкерлері баланы ұрғандарын мойындамаған. Оның үстіне, ата-ананың өтінішіне қарамастан балабақшадағы бейнебақылау камераларының жазбасы көрсетілмеген. Аруна Ахметованың айтуынша, полиция келген кезде камералар қосулы тұрған, бірақ мекеме басшысы құпиясөзді «ұмытып қалғанын» айтқан.

— «Полициямен барған кезде камерасы қосылып тұр. Екі камера тұр екен, құпиясөз сұрап тұр. Бастығы «құпиясөзді бір жерге жазып қойып ем, таппай тұрмын» деп сол күні құпиясөзі айтылмады, камера да ашылған жоқ. Бала өтірік айтпайды. Мен сенемін. Өйткені кішкентай қыздың құлағы тиіп кеткеннен көгермейді. Пердесі тесілмейді. Олар ең құрығанда жауапкершілік танытып, мұны медбикеге айтпаған», – дейді ашынған ана.

Балабақша әкімшілігі бұл жағдайға қатысты нақты жауап бермеді. Тек істі құзырлы органдар қарап жатқанын айтты. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды