Досаевпен кездесуге барған көпбалалы ананы қызының көзінше полиция ұстап әкеткен (ВИДЕО)

25.04.2025, 10:10
711
Досаевпен кездесуге барған көпбалалы ананы қызының көзінше полиция ұстап әкеткен (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Мектеп директоры мен бөлім меңгерушісі келіншектің баласы туралы сөйлесу үшін залдан шығарып алған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда әкіммен кездесуге барған көпбалалы ана полицияға жеткізілді.

24 сәуір күні Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен №209 мектеп-гимназияда кездесті. Алайда жиын барысында көпбалалы ана Ақжол полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, бөлімшеге жеткізілген. Бұл туралы Facebook қолданушысы Ирина Ким мәлімдеді.

Кимнің айтуынша, Ақжол таңғы 8:15-те мектептегі кездесуге қатысқан. Біраз уақыт өткен соң мектеп директоры мен бөлім меңгерушісі оны «баласының сабағы туралы сөйлесу үшін» сыртқа шақырып алған. Сол сәтте мектептен шығуға әрекеттенген Ақжолды екі полиция қызметкері тоқтатып, ешқандай түсініктемесіз Алатау аудандық полиция басқармасына апарған.

«Ол іште қызы мен сөмкесі қалғанын, тек кездесуге келгенін түсіндірмек болды. Бірақ полиция қолынан ұстап, күштеп алып кетті. Кездесу аяқталған соң босатты», – деп жазады Ирина Ким.

Скрин: Facebook Ирина Ким

Ирина Ким бұған дейін Әуезов ауданында өткен әкіммен кездесуде де тұрғындарға сұрақ қоюға мүмкіндік берілмегенін атап өтті.

«Жалған кездесулер не үшін өтеді? Аида Бұқаева екеумізді микрофонға жолатпады. Жарайды, біз бұл ауданда тұрмаймыз. Бірақ Ақжол Ақкентте тұрады, әлеуметтік осал топтармен жұмыс істейді. Ол неге әкімге сұрақ қоя алмайды? Қазір оған мектеп директорының шағымы негізінде тәртіпсіздік жасады деген айыппен әкімшілік хаттама толтырылып отыр», – деп жазды ол.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады