Ғылыми зертханалардың қызметін үйлестіру үшін «Е-lab» платформасы құрылады
Ғылыми зертханалардың қызметін үйлестіру үшін «Е-lab» бірыңғай платформасын құру қажет. Мұндай ұсыныс «Ашық» НҚА порталында жарияланған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының жобасына жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Қазақстан ғылымы» бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде ұжымдық пайдалану зертханаларының қызметін үйлестіру үшін «Е-lab» бірыңғай платформасын қалыптастыру қажет. Бұл ғылыми ұйымдар әзірлемелерінің технологиялық дайындық деңгейін анықтау, бағалау мен мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырады», - деп көрсетілген консультативтік құжатта.