Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды

25.04.2025, 10:47
916
Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды instagram.com/akimat_shymkent

11 сынып оқитын Серік 8 елдің 50 университетінен шақырту алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 50 жоғары оқу орнынан шақырту алған оқушы шымкент мектебінде оқиды. Бұл туралы Шымкент әкімдігі жазды.

Шымкенттегі №65 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Серік Нұрым АҚШ, Испания, Турция, Дубай, Германия, Британия, Гонконг, Болгарияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алды.

Университеттер тізімі: USA Whitworth University, Caldwell University, Mitchell College, Bridgewater College, Aberystwyth University, University of Mount Union, McKendree University, Concord Univeristy, Wingate University, D’Youville College, UW-Green Bay, La Salle University, University of Mary Hardin-Baylor, Elmhurst University, Mercyhurst University, Alma College, Lewis University, West Virginia Wesleyan College, Wilkes University, Widener University, Roanoke College, University of Portland, Lynn University, Ferris State University, Saint Martin’s University, Wheeling University, Walsh University, Thomas College, Menlo College, Hartford University LIM College, Loyola University New Orleans, Le Moyne College, Westminster College (Missouri), Wittenberg University, Illinois College.

BULGARIA: American University in Bulgaria,
HONG KONG: Polytechnic University HongKong, 
SPAIN: Saint Louis University
TURKEY: Kadir Has University, Özyeğin University, Antalyia Bilim University, Ted University, Bahcesehir University, Istanbul Aydın University,
UAE: Middlesex University, Murdoch University
UK: Tesside University, University Of East London , Aberystwyth University
GERMANY: Constructor University.

«Болашақ мамандығымды таңдауда ең алдымен замана талабына сай азамат ретінде қалыптасу мүмкіндігіне басымдық бердім. Сол себепті де IT саласына таңдау жасадым. Себебі, бұл – тек технология емес, болашақты қалыптастыратын алып күш. Тың технология барлық саланың даму тетігіне айналды. Ғаламат өзгерістерді жасайтын көшбасшылар құрамында болу – мен үшін үлкен мотивация болады», - дейді С. Нұрым.

Ақпараттық технологиялар саласына қызығушылық танытқан Серік деректерді талдау, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бағытында білім алғысы келеді. Ұсыныстардың ішінен ол Малайзиядағы Қытай университетін таңдаған.

«Мен әлемдік деңгейдегі IT маманы болуды және болашақ технологиялардың дамуына үлес қосуды армандаймын», – дейді жас дарын.

Оның ағылшын тіліне жетіктігі, үздік үлгерімі және заманауи технологияларға деген қызығушылығы халықаралық университеттердің назарын аудартқан.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды