«Ресей үшін соғысуға адам тартқан»: Қырғызстандағы «Русский дом» қызметкері қамауға алынды

25.04.2025, 11:11
935
«Ресей үшін соғысуға адам тартқан»: Қырғызстандағы «Русский дом» қызметкері қамауға алынды әлеуметтік желіден

Ресей жағында соғысуға адам іздеген шенеулік ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) Ош қаласындағы «Русский дом» орталығының қызметкері Наталья Секеринаны ұстады. Оған «өзге мемлекеттегі қарулы қақтығысқа қатысу үшін жалдамалы әскерилерді тарту» бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл туралы «Вечерний Бишкек» басылымы жазды.

ҰҚМК мәліметінше, Секерина Ресей жағында соғысатын адамдарды жинауға қатысы бар деген күдікке ілінген. 19 сәуірде Бішкектің Бірінші Май аудандық соты оны екі айға, яғни 17 маусымға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды.

Бұл іс бойынша барлығы төрт адам ұсталған. Олардың бірі — Ош қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің қызметкері Сергей Лапушкин екені белгілі. Қалған екі күдіктінің аты-жөні әзірге жарияланған жоқ.

Қырғызстанда бұған дейін Ресей-Украина соғысына Ресей тарапында қатысқаны үшін үш адам сотталған. Соның бірі — Асқар Кубанычбек уулу. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылғанымен, кейін Ресейге қашып кетіп, сол елдің Қорғаныс министрлігімен жаңа келісімшартқа отырған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды