14 жылдық үнсіз азап: Түркістанда мүгедек жігітті әкесінің бауырлары зорлап келген

25.04.2025, 14:07
3163
14 жылдық үнсіз азап: Түркістанда мүгедек жігітті әкесінің бауырлары зорлап келген time.kz

Қайтыс болған әкенің 6 бауыры 24 жастағы мүгедек баланы 10 жасынан бері кезекпен зорлап келген. Зорлықшылардың ең кішісі 14 жастағы жасөспірім бала.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жігіт 14 жыл бойы туыстарының зорлығына ұшыраған.

Түркістан облысында 24 жастағы мүмкіндігі шектеулі жігіттің 14 жыл бойы жақын туыстары тарапынан зорлық-зомбылық көріп келгені белгілі болды. Бұл туралы жәбірленушінің анасы мәлімдеді дейді Время басылымы.

Анасының айтуынша, оқиға биыл ақпан айында ұлы үйден ақша жоғалғанын айтқаннан кейін анықталған. Ұлы шындықты айтып, бала күнінен бері әкесінің жағынан туыс алты ер адамнан зорлық көріп жүргенін мойындаған. Күдіктілердің бірі – 14 жастағы жасөспірім.

Анасының айтуынша, зорлық әрекеттері видеоға түсіріліп, кейін кішілерге көрсетіліп отырған. Соңғы зорлық 2024 жылдың ақпан айында болған. Осыдан кейін анасы ұлын күнделікті өзімен бірге жұмысқа алып жүруге мәжбүр болған.

– Үлкендері істегенін видеоға түсіріп, кіші інілеріне көрсеткен. Ал кішілері де олардан көріп, қайталай бастаған, – дейді анасы. – Соңғы екі зорлық 7 және 16 ақпанда болған. Үшеуі бірінен соң бірі келген. Ұлым денесінің ауырып, қанап тұрғанын айтып, маған шағымданды.

Аталған жайтқа қатысты полицияға арыз ақпан айында берілген. Бірақ тек қоғам назарын аударғаннан кейін ғана іс облыстық деңгейде бақылауға алынған. Қазіргі таңда бір күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.

– Енді қалай өмір сүремін? Тыныштық, ұйқы жоқ. Қан қысымым көтеріліп кетті. Ең бастысы – ұлым үшін қорқамын, – дейді әйел. – Ақпанда полицияға арыз жаздым. Бірақ жергілікті қызметкерлерден ешқандай әрекет болған жоқ. Ешкімді тергеген де, ұстаған да жоқ. Ал қайын жұртым мені арызды қайтарып алуға көндірмек болды. Бес миллион теңге ұсынды, тек дау шығарма деді. Полициямен өздері келісіп қоямыз деген. Тіпті табын жылқыны сатып, соған ақша жинаған. Бірақ мен ешқашан бұған келіспеймін.

Жәбірленуші қазір Шымкент қаласындағы психологиялық оңалту орталығында ем қабылдап жатыр. Себебі Түркістан облысында мұндай орталық жоқ.

Ал адвокат Гүлайхан Тұрсыманова бұл істі тегін қорғап жатыр. Оның айтуынша, тергеу амалдары толық көлемде жүргізілуде, күдіктілер шеңбері анықталған. Енді сараптама нәтижелерін күтіп отыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды