Жасанды интеллект өкпе обырын дәрігерлерден төрт ай бұрын анықтап алды

25.04.2025, 14:25
1863
Жасанды интеллект өкпе обырын дәрігерлерден төрт ай бұрын анықтап алды iStock / greenbutterfly

Қатерлі ісікті дәрігерлерден бұрын анықтаған нейрожүйе болашақта аты жаман ауруды жоқ қылуы да мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Амстердам университеттік медициналық орталығының ғалымдары өкпе обырын ерте кезеңінде анықтай алатын жасанды интеллект алгоритмін жасап шығарды. Бұл нейрожүйе ауру белгілерін дәрігерлер нақты диагноз қойғанға дейін төрт ай бұрын байқайды. Зерттеу British Journal of General Practice (BJGP) журналында жарияланған.

Жаңа технология пациенттің медициналық тарихын, соның ішінде жалпы тәжірибе дәрігерлерінің құрылымдалмаған жазбаларын да талдайды. Жасанды интеллект дәрігердің жазбаларындағы жасырын заңдылықтар мен елеусіз «дабыл белгілерін» анықтай отырып, аурудың бастапқы кезеңін анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу авторларының айтуынша, бұл алгоритм өкпе қатерлі ісігінің 62 пайызын ерте сатысында анықтай алады. Мұндай мүмкіндік ауруды кеш анықтау салдарынан болатын өлім-жітімді айтарлықтай азайтуы мүмкін. Қазіргі уақытта өкпе обырына шалдыққан науқастардың 80 пайызы бір жыл ішінде көз жұмады.

– Диагноз төрт апта ерте қойылса да, науқастың өмір сүру мүмкіндігі едәуір артады. Ал төрт ай — мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін, – дейді жобаның жетекшісі, профессор Хенк ван Веерт.

Алгоритм 525 526 пациенттің деректері бойынша тексерілген, оның ішінде 2 386 адамға өкпе обыры диагнозы қойылған. Қазір зерттеушілер бұл жүйені түрлі елдердің денсаулық сақтау жүйелеріне бейімдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді