1188

Ақмола облысында бәрбіреулер зиратты мазаққа айналдырып, анайы суреттер салып кеткен

Тұрғындар зиярат етуге келгенде суреттерді көріп ашуланған.

Ақмола облысында бәрбіреулер зиратты мазаққа айналдырып, анайы суреттер салып кеткен
HALYQSTAN

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Макинск қаласындағы православие зиратында қабір тақтайшаларына «анайы» суреттер салынған.

Ақмола облысы Бұланды ауданындағы Макинск қаласында православие өкілдерінің зиратындағы қабір тақтайшаларына белгісіз тұлғалар «анайы» суреттерін салған. Бұл туралы HALYQSTAN Telegram-арнасы хабарлады.

Зиярат еткен жергілікті тұрғындар мәрмәр плиталардағы мұндай суреттерді байқап, таң қалған. Олар марқұм жақындарына жер астында да тыныштық жоқ деп алаңдауда.

Құқық қорғау органдары оқиға орнында тексеру жүргізді. Бұзақыларды іздеу жұмыстары басталды.

«Жерлеу орындарын қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор