Әлемдік футбол жұлдыздары Астанада ағаш отырғызды

26.04.2025, 11:33
1014
Әлемдік футбол жұлдыздары Астанада ағаш отырғызды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Футболшы Кристиан Дзаккардо мен Дуглас Майкон «Таза Қазақстан» акциясына қатысты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында футбол аңыздары Кристиан Дзаккардо, Дуглас Майкон ботаникалық бақтың аумағына көшет отырғызды.

Бәріне сәлем! Біз Қазақстанға келгенімізге қуаныштымыз. Бүгін біз қаланы көгалдандыруға өз үлесімізді қостық. Экологиялық көгалдандыру жобасы жалғасады деп шын жүректен үміттенемін. Алдағы уақытта қайта оралғанда мұнда ағаштың көп болғанын көргіміз келеді, - деді Кристиан Заккардо.

Әлемдік деңгейдегі футбол жұлдызының сөзін әріптесі Дуглас Майкон да қоштап, тазалық акциясы туралы өз ойымен бөлісті.

Сәлем балалар! Мен Қазақстанға келгеніме қуанып отырмын, мұнда алғаш рет келіп тұрмын. Мұндай іс-шараға қатысу маған ләззат сыйлайды. Барлығына рақмет! Біз әлі де оралып, қаланы одан да жасыл кейіпте көреміз деп үміттенеміз, - деп атап өтті Дуглас Майкон.

Естеріңізге сала кетейік, 25 сәуірде «Астана Арена» стадионында «Манчестер Сити» мен «Милан» футбол командаларының аңызына айналған жұлдыздардың қатысуымен «Аңыздар матчы» өтті. Ол іс-шара Қазақстан футболы күніне орайластырылған. Сондай-ақ, елордада бүгін, 26 сәуірде сағат 10.00-де жалпықалалық сенбілік басталады.

Ауқымды экоакция аясында 1,4 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған. Экоакцияның негізгі мақсаты қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұрт назарын аудару болып саналады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды