Бурабайда әйел адам ауытқуы бар баланы асырап алып, оны аяусыз ұрып-соққан

26.04.2025, 12:15
916
Бурабайда әйел адам ауытқуы бар баланы асырап алып, оны аяусыз ұрып-соққан freepik.com

Әйел бұл әрекеті үшін тек қана айыппұл төледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында әйел психикалық ауытқуы бар асыранды баланы ұрып-соққаны үшін жазаланды.

Ақмола облысында асырап алған баласына күш көрсеткен әйелге айыппұл салынды.

Бурабай аудандық соты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамаған әйелге қатысты қозғалған қылмыстық істі қарады.

Сот деректеріне сәйкес, Щучинск қаласының тұрғыны С 2022 жылдың наурыз айында 2014 жылы туған, психикалық ауруы бар кәмелетке толмаған Ч-ны патронаттық тәрбиесіне алған. Алайда ол балаға қажетті күтім мен қамқорлық көрсетудің орнына жүйелі түрде оған күш қолданып отырған.

2024 жылдың қазан айында әйел баланың аяғын темір кетпенмен ұрып, дене жарақаттарын салған. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде баланың денесінде сызаттар мен тыртық іздері табылған.

Сот шешімімен айыпталушы С 80 айлық есептік көрсеткіш (яғни 295 360 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сонымен қатар оған екі жылға педагогикалық қызметпен айналысуға және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды