Бозбала 74 жастағы зейнеткердің пәтер терезелерінен оқ жаудырған

26.04.2025, 12:51
1142
Бозбала 74 жастағы зейнеткердің пәтер терезелерінен оқ жаудырған pravmir.ru

Соның кесірінен 10 терезе зақымдалған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Петропавловск-Камчатский қаласында 17 жастағы жасөспірім зейнеткер әйелдің пәтерінің терезелерін атқылаған.

Ресейдің Ішкі істер министрлігінің Камчатка өлкесі бойынша департаментінің мәліметінше, 74 жастағы тұрғын полицияға белгісіз біреулердің оның пәтерінің терезелерін оқпен атқылағаны туралы шағым түсірген. Оқиға салдарынан 10 терезе әйнегі зақымданып, келген шығын мөлшері 80 мың рубльді құраған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 17 жастағы жергілікті жасөспірім болып шықты. Қазіргі уақытта оған бөтен мүлікті қасақана бүлдіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Полиция күдіктіні профилактикалық есепке қойды. Сонымен қатар, құқық қорғаушылар жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізгенін және жәбірленушіге келтірілген залалды өтеу мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта жасөспірімді мұндай әрекетке не итермелегені анықталуда.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды