SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жиналған 22 млн теңге қайырымдылық қаражат аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталатын болады. Іс-шараны «Болашақ» корпоративтік қоры Астана қаласы әкімдігінің және серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырды.
Жыл сайынғы қайырымдылық жүгірістің мақсаты – аутизм туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру, аутизм бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, олардың әлеуметтенуі және өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз ету. Іс-шара аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату айына орай өткізілді. Сонымен бірге 2025 жылғы Run for autism менталдық денсаулыққа – аутизм, депрессия, мазасыздық және басқа да ерекше менталдық күйдегі адамдарды қолдауға арналған.
Жүгіріс 1 км., 2,5 км., 5 км. және 10 км. төрт қашықтық бойынша өтті. Қатысу бағасы 6 990 теңгеден бастап 9 990 теңгеге дейін болды. Қайырымдылық жүгіріске Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Павлодар және басқа қалалардан барлығы 3 500 астам адам қатысты. Жүгіріске қатысушыларарасында кәсіби спортшылар, параспортшылар, сурдоспортшылар, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар, дамуында ерекшеліктері бар 120-дан астам бала, ата-аналар және т.б. болды. Лондон, Мәскеу, Ыстамбұл, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Павлодар, Жаңаөзен, Жезқазған, Орал, Петропавл қалаларынан 28 адам онлайн жүгіріске қатысты.
ҚР Парламентінің Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев дәстүрге сәйкес игілікті іске арнайы қатысып, ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ол өз сөзінде бұл жарыс саламатты өмір салтын дәріптейтін және ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауды көздейтін маңызды қоғамдық бастамаға айналып келе жатқанын айтты.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев инклюзияны дамыту мәселесіне үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдауға арналған жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Қазір осы бастама бойынша тиісті жұмыстар қолға алынды. Аталған заң шын мәнінде азаматтарға пайдалы болуы үшін сенаторлар қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және сарапшылармен бірге бұл бағытта қандай басымдықтарға назар аудару керектігін жан-жақты талқылап, белсенді жұмыс жүргізуде», – деді Мәулен Әшімбаев.
Іс-шара шегінде дәстүр бойынша аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізілді. Оған аутизм бар, психикалық және сөйлеу тілі дамуы тежелген, Даун синдромы және т.б. бар 5-14 жас аралығындағы 200-дей бала қатысты. Эстафета аяқталған соң балаларға іс-шараның серіктестерінен сыйлық табысталды.
«Run for autism – бұл аутизм бойынша зерттеулерді қолдау үшін қаражат жинауға арналған халықаралық бастама. Ол әлемнің ең ірі қалаларында өткізіледі: Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго, Питсбург және т.б. Қазақстанда «Run for Аutism»-ді алғаш рет «Болашақ» қоры 2023 жылы өткізді. Бірінші жылы қатысқандар саны 1300 адам болса, бүгінгі күні қатысушылар саны 3000-ға жетті және 300-дей адам іс-шараны ұйымдастыруға қатысты. Қатысушылар саны көбейіп жатқаны қуантады, өйткені бұл аутизм және жалпы менталдық бұзылыстар туралы білетін адамдар саны артып келе жатыр деген сөз. Биыл біз жүгірісті жалпы менталдық денсаулық тақырыбына арнаймыз. Бүгін біз инклюзия, алуан түрлілік, стигмасыз өмір, мазасыздықпен, депрессиямен өмір сүріп жатқандар үшін деген мақсатпен жүгіреміз. Өкінішке орай, әркім осындай хәлге ұшырауы мүмкін, сондықтан да мәселені көз жұма салмай, мойындап, уақытылы кәсіби көмекке жүгінген маңызды», - деп атап өтті «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан.
Көптеген басқа қатысушылар сияқты Елдос Иманбаев жүгіріске аутизм бар 16 жасар ұлы Бекназармен бірге келді. Бекназар 2,5 км қашықтық жүгіріске қатысты.
«Ұлым екеуміз Run for Autism жүгірісіне қатысуды ұйғарған себебіміз: бұл тақырып бізге жақын. Біз әрбір бала өзін қабылданған, қажет және бағаланған болып сезінетін инклюзивті орта құру қаншалықты маңызды екенін білеміз. Бұл біздің ерекше адамдар қауымдастығын қолдау тәсіліміз. Бұл тек спорттық шара емес, бірлік, түсіністік пен шабыт беретін алаң. Ерекше балалар үшін кез келген іс-шара – өзін жеңіп, өз мүмкіндіктерінің шегінен аттап, жаңа эмоцияларды сезіну мүмкіндігі екенін түсінген маңызды» - деді Елдос Иманбаев.
Мәреге жеткен барлық қатысушылар естелік медальдарға ие болды, ал әр қашықтық бойынша жеңімпаздар дипломдар мен медальдармен марапатталды. Әрбір жүгірушіге шоппер, футболка, жүгіріске арналған нөмір, ұтыс ойыны үшін нөмірі, тамаққа талон, бағдарлама, спорттық батончиктен және пайдалы «чиабатта» нанынан тұратын жинақ табысталды. Ниет білдіргендер жүгірістен басқа, жүгірістің брендік таңбалары бар өнімдер және серіктестерден сертификаттар салынған арнайы боксты сатып алып, іс-шараны қолдай алды.
Жүгіріске халықаралық компаниялардың, шетел елшіліктері, оның ішінде Жапония, Ұлыбритания, Испания, Түркия, Үндістан, Чех Республикасы, Польша, Беларусь Республикасы елшіліктері қатысты.
«Ұлымда Даун синдромы бар. Жүгіріс менің ұлым сияқты ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдайтындықтан оған қатыспақ болдым. Іс-шараның мақсаты өзіме жақын» - Хироаки Фуната, ҚазақстандағыЖапония Елшілігінің штат қызметкері.
Жүгіріске қатысушылар арасында Дубайға екі кісіге жолдама, «World Class» фитнес-орталығынан жылдық абонементтер, «Hilton Astana» қонақ үйінде тұруға, «M Clinic» клиникасында тексеруден өтуге сертификат, GALAXY S24 смартфоны, «Орлов моншаларына» сертификаттар және тағы басқа бағалы жүлделер ұтысы өткізілді.
Қайырымдылық жүгіріс Астана қаласы әкімдігінің, Eurasian Resources Group (ERG), «Еуразиялық банк» АҚ, «NAK» құрылыс холдингінің, «АLSTOM», «ECOSHOP Astana», «Жігер газ», «Shaurma Food» қазақстандық дәмді тағамдар желісі, «MYD Production» компанияларының, «G-life» ауыз суы, «Astana Production» ивент-агенттігінің, «M Clinic» клиникасы, «K-cell», «Argymaq» премиалды брендінің, «World Class Ботанический» фитнес-орталығы, «Ocean Love» туристік фирмасы, «Hilton Astana» қонақ үйі, «Marwin» компаниясы, «New Level» жарнама-өндірістік компаниясы, «Sundar Yoga» йога студиясы, бургерной «All off Burger» бургерлер, «Орлов моншалары» компаниясы, «Anta» спорт дүкені, «Моя ферма», «Полезный хлеб» компаниялары, «WOW swim» жүзу мектебі, «Ailand» сауық орталығы, «Солнечный мир» ҚҚ, мастерской детских праздников «Lim-po-po» балаларға арналған мерекелер шеберханасы, «РИКА» экспресс поштасы, «Nomad Triathlon Club» триатлон клубы, «My Start», «Super Kyz», «CleverMarket» онлайн-дүкені, «TOOBA» компаниясының қолдауымен өткізілді. Ақпараттық серіктестер: «Qazsport TV», «Qazaqstan TV», «Jibek joly», «Silk Way» телеарналары, «Love radio», «Радио Дача», «Той Думан» радиостанциялары, «ҚазАқпарат» ХАА, медиа «Город24», «Mustafin Magazine», «AMANAT Group» медиахолдингі.