Шерзат Болатқа кім оқ атты? Куәгер қыз Эльмира Нұрбекова жауап берді

Азиз Қалижан Редактор
28.04.2025, 10:11
1211
Шерзат Болатқа кім оқ атты? Куәгер қыз Эльмира Нұрбекова жауап берді бейнежазбадан алынған кадр

Мылтықтың түсі қара емес, ақшылдау болды дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, былтырғы жылдың күзінде Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда. Сотта куәлік берген Эльмира Нұрбекова оқиға орнында екі-үш рет оқ атылғанын мәлімдеді.

Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда. Сол түні оқиға орнында күдіктілермен бірге болған екі әйелдің бірі Эльмира Нұрбекова дүкен алдында сұр жейделі адамның екі-үш рет оқ атқанын айтты.

Дүкенге сұр жейделі біреу жүгіріп келе жатты. Қолында мылтық болды. Ол аспанға қарата бір рет атқанда мен көлікке бұрылып кеттім. Сол кезде ол тағы да атты. Мылтықтың түсі қара емес, ақшылдау болды, – деді куәгер.

Эльмира Нұрбекова сот отырысында куәлік беру барысында төбелеске қатысқандардың ешқайсысынан пышақ көрмегенін мәлімдеді.

Мен ешкімнің қолынан пышақ көрмедім. Көрсем есімде қалатын еді. Төрт -бес адамның бір жігітті теуіп жатқанын көріп, тоқтату үшін біреуін ұстап артқа тартқанымда жерде жатқан адамды көрдім. Оны Абзалдың жоғарыдан төмен қарата сермеп ұрғанын байқадым. Бірақ қолында пышақтың болған, я болмағанын байқамадым. Ол жігіт жерде қимылсыз жатты. Мен содан шошып кеттім, – деді Эльмира Нұрбекова.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды