«Әйелдің «Жетер!» деп айқайлағанын естідім»: куәгер Эльмира Нұрбекова оқиға орнында не істегенін айтып берді

Азиз Қалижан Редактор
28.04.2025, 12:21
1042
«Әйелдің «Жетер!» деп айқайлағанын естідім»: куәгер Эльмира Нұрбекова оқиға орнында не істегенін айтып берді бейнежазбадан алынған кадр

Куәгер: Сұр кофта мен қара шалбар киген жігіттің жерге етбетімен құлап жатқанын, оны Абзал ұрып жатқанын көрдім.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 28 сәуірде Талдықорғандағы сот отырысында Шерзат Болаттың қазасы бойынша куәгер Эльмира Нұрбекова жауап берді. 

Сотта куәгер Эльмира Нұрбекованың бейнежазбадағы жауабы көрсетілді. Ол былай деді:

"Магазиннің қарсы бетінде бес қабатты ғимарат болды. Сол жерден сұр футболка немесе кофта, қара шалбар киген адам жүгіріп шықты. Оның қолында мылтық болды. Ол бір рет ауаға оқ атты. Артыма бұрылып, Равильді құшақтап, қызыл контейнердің артына, көліктің жанына қарай жүгірдім. Кейін Равиль қолымнан босап, қаша жөнелді. Ол кеткеннен кейін мен көлікке қарай беттедім. Сол кезде 2-3 рет атылған оқтың дауысын естідім. Біз Данамен көліктің артында отырдық. Бұдан кейін төбелесті көрмедім. Әйел адамның көмек сұрап, "Жетер!" деп айқайлаған дауысын естідім. Көліктен шығып, бұрыштан қарап едім, шамамен 3-4 адам біреуді тепкілеп жатқанын көрдім. Жүгіріп барып, қара куртка киген жігіттің артынынан курткасынан ұстап алдым. Бет жүзін көрген жоқпын. "Жетер" деп айқайлағанымда, сұр кофта мен қара шалбар киген жігіттің жерге етбетімен құлап жатқанын, оны Абзал ұрып жатқанын көрдім. Не істерімді, не айтарымды білмей тұрдым. Сол кезде мені біреу қолымнан тартып, көлікке қарай сүйреді. Оның кім екенін білмеймін — Абзал немесе басқаларының бірі болуы мүмкін. Шок жағдайында болдым”, – деді Эльмира Нұрбекова.

Куәгер Нұрбекова көлікке қарай жетелеп бара жатқанда алдарынан бір әйел жылап, видеоға түсіргенін айтты.

“Мені көлікке қарай жетелеп бара жатқанда алдымызда бір әйел жылап, видеоға түсіріп тұрды. Оған "Неге видеоға түсіріп тұрсың, жедел жәрдем шақырмайсың ба?" дедім. Сосын мені көлікке отырғызды. Сол кезде көлікте бәрі отырған еді. Алда кім отырғанын байқамадым. Менен кейін Равиль отырды, Нұрқиястың алдында Дана отырған еді. Содан кейін біз көлікпен бұрылып, жүріп кеттік. Жолда "777" дүкенінің қасында тоқтадық. Алдымен мен көліктен шықтым. Дүкенге кірдім. Артымнан кім кіргенін білмеймін. Дүкеннен темекі мен (...) сатып алдым. (...) біреу біреумен сөйлесті. Дауыс естідім, бірақ не туралы сөйлескенін білмеймін. Біреу біреуге қоңырау шалды (...). Сол жерде 3-4 көлік тұрған: Jeep, Mercedes және тағы екі көлік. Содан кейін мен мерседестің есігін аштым да, Данаға бардым. Оған "Үйге кетейік" дедім. Такси шақырмақ болдым, бірақ телефонымда байланыс болмады. Кейін полиция келді. Дүкеннің жанында мен алғаш рет сұр кофта киген жігіттің қолында қаруды көрдім. Басында ол кепка киіп алған еді. Оның бірінші рет оқ атқанын көрдім. Содан кейін мен бұрылып кеттім. Кейін тағы 2-3 оқ атылған дауыс естідім”, – деді Нұрбекова.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті