645

Енді «Маңғыстау – Орал» пойызына әйелдер вагоны қосылмақ

Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі үшін жаңа вагондар пайда болмақ.

Енді «Маңғыстау – Орал» пойызына әйелдер вагоны қосылмақ
rail-news.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Орал – Маңғыстау» бағытында жүретін жолаушылар пойызының құрамында әйелдерге арналған арнайы вагон қосылады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 «Орал – Маңғыстау» пойызында әйелдер вагонын іске қосады. Осылайша, елімізде әйелдер вагоны қызметі ұсынылатын бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді.

Қазір әйелдер вагондары мына бағыттарда қатынайды:

  • №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;

  • №351/352 «Алматы – Маңғыстау»;

  • №45/46 «Павлодар – Түркістан»;

  • №37/38 «Маңғыстау – Семей»;

  • №47/48 «Атырау – Астана»;

  • №33/34 «Ақтөбе – Алматы»;

  • №4/3 «Астана – Алматы»;

  • №71/72 «Астана – Шымкент»;

  • №354/353 «Астана – Семей»;

  • №24/23 «Ақтөбе – Алматы»;

  • №25/26 «Алматы – Шымкент».

Әйелдер вагондары алғаш рет 2021 жылы енгізілген болатын. Мақсаты — әйелдердің жол жүру кезіндегі жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру. Мұндай вагондарда билеттер тек әйелдерге сатылады және қызмет көрсетуші де тек әйел жолсеріктер болады. Ер адамдардың жол жүруіне тек 7 жасқа дейінгі ұл балаларға рұқсат етіледі.

Пассажирлер әйелдер вагонының артықшылықтарын ерекше атап өтеді: әсіресе түнгі сапарлар мен ұзақ бағыттарда өзін қауіпсіз сезінеді. Сондай-ақ кішкентай баласы бар аналар үшін мұндай жағдай анағұрлым жайлы.

Дегенмен, әйелдер вагондарының енгізілуі — қоғамдық көліктегі қауіпсіздік мәселесінің толық шешілмегенін де көрсетеді. Яғни, жалпы қауіпсіздікті арттырудың орнына, жолаушыларды жынысына қарай бөлуге мәжбүр болғаны да назар аудартады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор