«Видеода иығында сөмкесі бар»: Руслан Өтепбай куәгер Нұрбекованың өтірігін әшкереледі

Азиз Қалижан Редактор
28.04.2025, 15:05
1249
«Видеода иығында сөмкесі бар»: Руслан Өтепбай куәгер Нұрбекованың өтірігін әшкереледі жеке мұрағаттан

Әйел жедел жәрдемді неге шақырмағанын түсіндіргенде басқаша жауап берген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай Шерзаттың оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады.  

"Сөмке иығында болған": Руслан Өтепбай Шерзаттың оқиғасына қатысты тың мәліметті бөлісті

«Шерзат Полат аса қатігездікпен қайтыс болған кезде оқиға орнында екі келіншектің болғанын білесіздер. Таяуда сот процесіне соның бірі куә ретінде шақырылды. Прокурор Эльмира Нұрбековадан неге полицияға, жедел жәрдемге хабарласпалыңыздар деп сұрақ қойған. 

Куәгер келіншек: «Жедел жәрдем, полицияға хабарласа алмадық, телефон сөмкеде болды, ал сөмке көлікте», деді. 

Алайда бұл ақпарат – жалған. Қылмыс күні таспаланған бейнебақылау камерасына зер салайық. Байқасаңыздар, жанжалдың басталған сәтінде екі келіншектің де иығында сөмке ілулі. Демек, екеуінің де сол сәтте-ақ полиция шақыра алатын мүмкіндіктері болған. Ертең Шерзаттың соты жалғасады. Сондықтан Сот пен прокурор, Шерзаттың адвокаттары бұл жайтты назарға алады деп сенемін», – деді журналист. 

Айта кетейік, Талғардағы 16 жастағы Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот процесі жүріп жатыр. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды