Дональд Трампты қолдау рейтингі соңғы 70 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті

Азиз Қалижан Редактор
28.04.2025, 15:35
805
Дональд Трампты қолдау рейтингі соңғы 70 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті Win McNamee / Getty Images

Трамп көптің сенімінен шыға бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ертең АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трамптың екінші рет таққа отырғанына тура жүз күн толмақ. Алайда ол бұл маңызды межені соңғы жетпіс жылда бірде-бір президент бастан кешпеген рекордтық төмен рейтингпен қарсы алғалы отыр.

Соңғы уақытта жүргізілген бірнеше ірі сауалнама нәтижелері осыны көрсетуде. Мысалы, CNN арнасының жариялаған зерттеуіне сәйкес, Трамптың экономикалық және саяси реформаларына халықтың қолдау деңгейі тағы құлдырап, бар болғаны 41 пайызды ғана құрады. Бұл көрсеткіш 1953 жылдан бері алғашқы жүз күн ішінде президенттердің жинаған ең әлсіз рейтингі саналып отыр.

Жалпы алғанда, биылғы ақпан айында Трамптың жұмысын мақұлдаған америкалықтардың үлесі 7 пайыздық тармаққа азайса, наурыздан бері тағы 4 пайызға төмендеген. Ал сауалнамаға қатысқан азаматтардың 22 пайызы ғана оның атқарған ісіне толық қолдау білдірген. Қатысушылардың 45 пайызы, керісінше, оның саясатын мүлдем құптамайтынын ашық айтқан, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Ерекше назар аударатын жайт — Трамп әйелдер мен испан тілді азаматтар арасында айтарлықтай сенімнен айырылып отыр. Әйелдердің небәрі 36 пайызы ғана оны қолдайтынын айтқан, ал испан тілді қауымның ішінде бұл көрсеткіш 28 пайыздан әрі аспаған.

Бұдан бөлек, Трамптың халық арасында өзіне деген сенімділікті жоғалтып жатқаны да байқалады. Әсіресе, оның маңызды реформаларды жүзеге асыру қабілетіне деген сенім деңгейі төмендеген. Сондай-ақ, сауалнама нәтижесі бойынша америкалықтардың Трамптың президенттік өкілеттікті жауапкершілікпен пайдалана алатынына деген сенімі сегіз тармаққа азайып, 46 пайыз деңгейінде қалған.

Қысқасы, Трамптың алғашқы жүз күндегі көрсеткіші ел тарихындағы ең әлсіз президенттік бастама ретінде есте қалуы мүмкін. Оның болашақтағы саяси тағдыры мен халықтың сенімін қайтару мүмкіндігі — әзірге үлкен сұрақ күйінде қалып отыр.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды