Динара Сәтжанның той образы 235 миллион теңгені құраған (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
28.04.2025, 17:17
1417
Динара Сәтжанның той образы 235 миллион теңгені құраған (ВИДЕО) жеке мұрағаттан

Білезігінің өзі 26 млн 930 мың теңге тұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал тележүргізуші Cartier мен Bulgari брендтерінің зергерлік бұйымдарын таққан.

Fashion-блогер Жансая Махабаева қазақстандық журналист әрі YouTube жобасының жүргізушісі Динара Сатжанның той күнгі образдарының құнын есептеп, жариялады.

Айта кетсек, Динара Сатжан сәуір айының басында Forbes Kazakhstan тізіміне енген миллиардер Жұмабек Жаникуловқа тұрмысқа шыққан болатын. Ресми неке қию рәсімі мен діни тойлау шараларында Динара әртүрлі, бірақ бірінен бірі өтетін талғампаз образдарды таңдады. Жалпы алғанда, олардың құны 235 миллион теңгеден асып түсті.

Мешітте өткен діни неке қию рәсіміне Динара өз дизайны бойынша тігілген ұзын, сүт түстес жабық көйлек пен сәйкес реңктегі орамалды таңдаған. Бұл образдың құны — 450 мың теңге. Ал азаматтық некені тіркеу кезінде киген ақ көйлек шамамен 200 мың теңге тұрған.

Алайда, ең қымбат элементтер — әрине, зергерлік әшекейлер болды. Көпшілігін Динара Bulgari брендінен таңдаған екен. Атап айтқанда:

  • Сырға – 7 млн 430 мың теңге,

  • Алқа – 15 млн 921 мың теңге,

  • Білезік – 26 млн 930 мың теңге,

  • Саусағындағы жүзік – 17 млн 100 мың теңге.

Бұдан бөлек, блогер Cartier үйінен алынған әшекейлерді де байқапты:

  • Кәдімгі жүзік – 2 млн 211 мың теңге,

  • Білезік – 6 млн 486 мың теңге,

  • Әйгілі шеге түріндегі білезік – 2 млн 300 мың теңге.

Динараның образына ерекше сән берген аксессуар — қолғап пішінінде жасалған элегантты слайв-білезік болды. Бұл бұйым ресейлік кәсіпкер әрі медиаперсона Яна Расковаловаға тиесілі Yana зергерлік үйінің туындысы.

Ал басты әшекей ретінде тележүргізушінің алып гауһар тасты неке жүзігі көзге түсті. Оның құны стилисттердің бағалауынша, 150 миллион теңге шамасында болған.

Осылайша, Динара Сатжанның толық той образының құны 235 миллион 836 мың теңгеге бағаланды.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды