«Сипалады»: Семейде мұғалім оқушы қыздарға қол жүгірткен (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
29.04.2025, 11:33
937
«Сипалады»: Семейде мұғалім оқушы қыздарға қол жүгірткен (ВИДЕО) бейнежазбадан

Оқушы қыз мұғалімнің үстінен шағым түсірген жоқ дейді білім басқармасы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде мектептердің бірінде мұғалімнің оқушыларға қол жүгірткені көрсетілген видео тарады. Бейнежазба 2023 жылы түсірілген. Абай облысы білім басқармасы болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

“НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жағдайдың қалай болғанын баяндады.

“Мұғалім осылайша сабақ кезінде қыздарды жүйелі түрде ұстап, сипап жүрген. Бетінен, құлағынан, мойнынан ұстаған. Видеодағы қызға оның бұл әрекеті ұнап тұрған жоқ. Ол өзін қалай ұстау керегін білмей тұр. Ол өзін қорғай алмайды. Басқа балалар да бұл жағдай өздерінің де басынан өтетінін біліп, сырттай қорқып бақылап тұр. Қыздар қатты ұялады, олар өз шекарасын қалай қорғау керегін білмеді. Бірде оның қыздарға қол жүгірткен әрекеті камераға түсіп қалып, бұл видео мектептің чатында жарияланып, үлкен дау туған. Белгілі болғандай, мектеп директоры оған құжаттарын алып кетуін бұйырған, содан кейін ол мектептен кеткен”, – деп жазды Дина Таңсәрі.

Алайда балалар ол видеоны қайта жіберіп, мұғалімнің басқа мектепте жұмыс істеп жүргенін жазып жатыр. Дина Таңсәрі Балалардың құқығын қорғау комитетінен бұл жағдайды тексеруін сұрады.

“Еске салайық, бұл жағдай Семейде әскери дайындық пәнінің мұғалімі 13 жастағы оқушы қызды зорлаған мектепте болып отыр. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бірақ мектеп директоры жәбірленушінің буллингке ұшырауына жол берді және қазір қыздың жаны жаралы. Оның үстіне мұғалім баланы емес, мұғалімді қорғаған. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жұмыс орнында тиіскен педагогқа қатысты оның қызметтік жағдайын, оқушылардың жас ерекшелігін және тәуелділігін пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 121-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етеміз. Аталған педагогтың балалармен жұмыс істеуіне тыйым салуды сұраймыз”,  делінген жазбада.

Бұл жағдай Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау комитетінің тұрақты бақылауында. Комитет мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына да хабарласқан.

Абай аудандық білім басқармасы бұл мектепте әскери дайындық пәнінің мұғалімі 13 жастағы оқушы қызды зорлағанын растады. Ведомствоның мәліметінше, видеодағы мұғалім 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 6 наурызына дейін жалпы білім беретін мектепте жұмыс істеген.

“Оны негізгі қызметкердің декрет демалысы кезеңінде жұмысқа қабылдаған. 2024 жылдың наурыз айында қызметкердің өз бастамасымен басқа қалаға көшуіне байланысты еңбек шарты бұзылды”, – деп мәлімдеді білім басқармасы. 

Видеодағы оқушы қыз қазір жалпы білім беретін мектепте 9-сыныпта оқуын жалғастырып жатыр.

“Оқушыдан немесе оның заңды өкілдерінен мектеп әкімшілігіне немесе педагогқа ешқандай шағым немесе өтініш түскен жоқ”, – делінген жауапта. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды