1060

Мемлекет пәтер сыйлаған жас жігіт жатын бөлмесіне Қазақстанның туын іліп қойды (ВИДЕО)

Осы жерден өмірімді қайта бастаймын дейді жетімдер үйінде өскен жігіт.

Мемлекет пәтер сыйлаған жас жігіт жатын бөлмесіне Қазақстанның туын іліп қойды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мемлекет қамқорлығын көрген жетім тәрбиеленушісінің алғысы – ерекше әрекетпен көрініс тапты.

Қазақстанда балалар үйінің түлегі бір бөлмелі, жиһаздалған пәтерге ие болды. Үйлі болған сәттен-ақ, ол ең алдымен жатын бөлмесінің қабырғасына еліміздің көк туын іліп қойды. Бұл әрекеті арқылы ол мемлекетке деген алғысын білдіргісі келген. Бұл туралы kokshetaulive Instagram парақшасы хабарлады.

— Енді менің өз бұрышым бар. Осы жерден өмірімді қайта бастаймын. Осындай мүмкіндік бергендерге мың алғыс, – деп бөлісті жас азамат.

Бұл оқиға – мемлекеттік қолдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсететін жарқын мысал. Жас жігітке берілген баспана тек төрт қабырғалы үй емес, ол – жаңа үміттің, болашаққа деген сенімнің бастауы.

 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор