Бішкекте Ресей атынан соғысуға әскер жинаған күдіктілер үйқамаққа шығарылған

Азиз Қалижан Редактор
29.04.2025, 16:36
693
Бішкекте Ресей атынан соғысуға әскер жинаған күдіктілер үйқамаққа шығарылған rusmuseumvrm.ru

Қырғызстанда жалдамалы әскер жинап жүрген «Русский дом» орталығының бірнеше қызметкері ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бішкекте жалдамалы әскер жинауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғандар үйқамаққа шығарылды.

Қырғызстанда жалдамалы әскерге адам тартуға байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталғандардың кейбіріне қатысты бұлтартпау шарасы жеңілдетілді. Олардың қатарында Ош қаласындағы "Русский дом" мекемесінің қызметкері мен тағы бір адам бар. Барлығы бұл іс бойынша төрт адамға айып тағылған.

2025 жылғы 28 сәуірде ТАСС агенттігі Бішкектегі Первомай аудандық сотына сілтеме жасай отырып, күдіктілердің – «Русский дом» қызметкері, Ресейден келген блогер және тағы екі адамның үйқамаққа ауыстырылғанын хабарлады.

Алайда "Азаттық" радиосының мәліметінше, үйқамаққа тек екі адам – Ош қаласындағы "Русский дом" мекемесінің өкілі Наталья Секерина мен есімі әзірге жарияланбаған С.В.Т. деген азамат қана жіберілген. Бұл шешім Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) тергеушісінің өтінішімен қабылданған.

Ал осы іс бойынша ұсталған тағы екі күдікті – Ош мэриясының баспасөз қызметінің қызметкері Сергей Лапушкин және өзін «саясаттанушы» әрі «африкатанушы» деп таныстырған Ресей азаматы Виктор Васильев – әлі де қамауда отыр. Олардың адвокаттары бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш бермеген.

Айып: шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысатын жалдамалыларды тарту

Бұған дейін БАҚ-та Қырғызстанда жалдамалыларды шетелдегі қарулы жанжалдарға қатысу үшін тартты деген күдікпен төрт адамның ұсталғаны хабарланған. Олардың қатарында Ресейдің "Россотрудничество" агенттігінің бөлімшесі саналатын Оштағы "Русский дом" мекемесінің қызметкері де бар. Тергеу амалдарын Қырғызстанның ҰҚМК-нің Бас тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Барлық күдіктілер 17 маусымға дейін қамауда болуға тиіс еді.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті