1191

Павлодарлық әйел 4 айлық сәбиін аяусыз ұрып тастаған

Сәби озбырлықтан соң жетімдер үйіне тапсырылды.

Павлодарлық әйел 4 айлық сәбиін аяусыз ұрып тастаған
unicef.org

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда анасы небәрі 4 айлық нәрестесін ұрып, жазым ете жаздаған. Салдарынан кішкентай сәби ауруханадан бір-ақ шыққан, 

"Астана" телеарнасының мәліметінше, тексеру барысында баланың миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болды. Дәрігерлер бұл жағдай туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары тергеу нәтижесінде сәбиді анасының ұрып-соққанын анықтады.

Қазіргі уақытта сәби жетімдер үйіне тапсырылды. Сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған ағасы өңірдің балаларды қолдау орталығына жіберілді. Баланың анасы психологиялық ауытқуларына байланысты ауруханада ем қабылдап жатыр.

Баланың заңды өкіліне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы. Анаға қатысты сот отырысында оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы тұрақты, жақсы өсіп келеді, – деді Павлодар облысы бойынша балалар құқығын қорғау жөніндегі жедел уәкіл.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор